lat: Uıasyn buzdy
1. Әйелді ерінен ажыратты, біреудің семъялық тұрмысына бүлік салды. «Күйеуінен айырылысыпты» деген сөзге Балуан тіпті елегзіді. Біреудің ұясын бұзып, енді не болсаң, ол бол деуім ерлігіме сыя ма? (С. Мұқанов).
2. Бірлігін, ынтымақтығын бұзды.
Алыс-жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар,
Паруардигәр жаратқан несін жан қып (Абай).