ҰЯТ

lat: Uıat

зат. 1. Ар, намыс, ұждан.

Шабыт, ашу, шаттық, мұң, ұят қалып,

Жүрген жәй бар осылай күй ақтарып.

Билей алмай жүрмін мен бір басымды,

Роботы біреудің сияқтанып (2,150).

Келсең, кел. Ұятыңмен , арыңмен кел.

Бойыңдағы жақсылық, барыңмен кел.

Биік бол, мендегінің бәрін меңгер,

Жабырқаған жанымды жаныңмен көр (3,103).

2 . ауыс. Жараспайтын, келіспейтін, жөнсіз нәрсе.

Жазбай-ақ қойдым, Жазғаным енді ұят-ты .

Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние,

Өзінен-өзі жырланып жатқан сияқты (2,82).

Бұл сияқты рубайлардан поэзия іздеп кінә артудың өзі ұят (4,285).

Ұят-ай, іпті оқушылар да бірдеме сезетін сияқты (4,141).