Ұйқы

lat: Uıqy

мидың, жалпы нерв жүйесінің, бүкіл организмнің əрекетінің төмендеуімен, сыртқы тітіркендіргіштерге жауаптың əлсіреуімен жəне ми нейрондары белсенділігінің бəсеңдеуімен сипатталатын физиологиялық күй. Ұйқы жылы қанды жануарларға тəн құбылыс. Ұйқы тəулігіне бір немесе бірнеше рет қайталанады. Ұйқының үш сатысы болады: қалғу, баяу ұйқы жəне шапшаң терең ұйқы. Ұйқы басу қалыпты ұйқының бұзылуы, шектен тыс ұзаруы, шектен тыс ұйқышылдық.