Ұңғысыз артиллерия

lat: Uńǵysyz artılerıa.

ә с к. Реактивті артиллерияның ұңғы болмайтын түрі (лақтыру және ұшыру қондырғысы).

Ұңғысыз артиллерияға ұрыс машиналары мен реактивті артиллерияның лақтыру қондырғылары, танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтардың ұшыру қондырғылары жатады (Қаз. тілі термин. Әскери.).