1) болмыс заттары мен құбылыстарын жалпылама түрде белгілейтін ой;
2) грамматикалық немесе семантикалық категория ретінде ұғым сөз мағынасына ұқсас құбылыс, бірақ мағына тіл жүйесінде болады, ал ұғым – логикалық қатынастар жүйесінде болады.
Ұғымның құрылысы күрделі болады:
1) сигнификат – заттың (құбылыстың) дұрыс аталуы үшін маңызы бар белгілердің жиынтығы;
2) интенсионал – ұғымның заттық «негізімен» байланысты дұрыс аталуы. Интенсионал заттың (құбылыстың) «негіз» категориясымен байланысты болады;
3) денотат – белгілі бір сөзбен атауға болатын нақтылы заттар;
4) компрегенсия – белгілі бір сөзді қолдануға болатын бүкіл заттардың тобы. Заттар бар не жоқ болуы мүмкін. Сөз болған жерде ұғым болады. Мағынамен тікелей байланысып, оймен, ойлаумен ұштасады. Ұғым түсініктен басталады. Сырттағы зат адам түсінігіне әсер еткенде, адам ойлай бастайды. Ұғымды сөзбен бейнелейді. Ұғым категориялары дүние жүзіндегі тілдердің бәріне ортақ. Ұғымның мәні – сөз мағынасынан гөрі кеңірек әрі жалпылау. Жаңа ұғым бұрыннан бар белгілі сөздің байланысы арқылы дамып, көбейіп отырады.