дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасу тәсілін анықтау арқылы олардың теориялық танымының формасы. Білімдердің дамуы негізінен алғанда ұғымның тереңдей түсуінен (берілген нәрселер жайлы) бір ұғымнан нәрселердің әлдеқайда тереңірек мәнін көрсетіп олардың әлдеқайда дәл бейнеленуі болып табылатын басқа ұғымға өтуінен көрінеді. Ұғым белгілі бір тілдік формаларда бейнеленіп, тілдің соған сәйкес сөздік мәнін (маңыз бен мән) құрады. Ұғымның бір логикалық функциясы практикада және танымда бізге керекті нәрселердің қайсыбір белгілері бойынша ойша бөліп көрсету болып табылады. Осы функциясының арқасында ұғым сөздерді белгілі бір нәрселермен байланыстырады, ал бұл сөздердің дәл мәнін анықтап, ойлау процесінде оларды қолдануға мүмкіндік береді. Нәрселердің класын бөліп алып, бұл нәрселерді ұғымда жалпылау табиғат заңдарын танып білудің қажетті шарты болып табылады. Әрбір ғылым белгілі бір ұғымдарды қолданады, оларда сол ғылым жинақтаған білімдер топтастырылады (тұжырымдалады). Ұғымның қалыптасуы, бейнелендірудің сезімдік формаларынан оған өтуі күрделі процесс: мұнда дүниені танудың салыстыру, талдау мен синтез, абстракциялау, идеализациялау, жалпылау сияқты әдістері және ой қорытындысының айтарлықтай формалары қолданылады. Бұл жағдайда ғыл. Ұғым көбінесе алғашында тек қайсыбір объектілердің өмір сүретіндігі жайлы және олардың табиғаты туралы шартты болжаулар негізінде құрылады (Мысалы, атом ұғымы осылайша пайда болды). Заңдарды, даму заңдарын, бағытын танып білудің негізінде кейбір нәрселер жайлы ұғым нәрселердің өздері пайда болғанға дейін қалыптасуы мүмкін. Сөйтіп ұғымның қалыптасуында ойлаудың белсенділігі мен жасампаздық сипаты іске асады, бірақ құрылған ұғымды ойдағыдай пайдалану олардағы объективтік шындықтың дәлдігіне тәуелді болып табылады.