lat: UIQY
зат. Тынығу, дем алу үшін әрбір күн (түн) сайын қайталанып отыратын, адам баласы мен кейбір жан-жануарларға тән физиологиялық жағдай (күй).
Оянды ұйқысынан құмарлана,
Шырылдап емшек іздеп сәби бала.
Емізіп нәрестесін төсіне ала,
Оянды ұйқысынан мейірімді ана (1,30).
Дабырлаған бақташы даусы Зияштың ертеңгі тәтті ұйқысын бұзып жіберді (4,144).