ҰЯЛ

lat: UIaL

ет. 1. Бетінен оты шығу, ұятқа қалу, қызару.

Үйреніп қалған ұямдай,

Мәскеуді барам қия алмай.

Миллиондардың ішіне

Бір басым менің сыйа алмай,

Еңсемді бір сәт жия алмай,

Не бетімді айттым, Алматым,

Не деймін саған ұялмай? (2,362).

Жүзімайдың манағы айтқанынан кейін өз келініне өзі қараудан ұялады (4,140).

2. Қысылу, қымтырылу; әдеп сақтау.

Жас Шоқан қыз қолынан қымыз алды,

Қымыз алды... Қымсынып қыз ұялды.

Аулақ барып отырды бір тізерлеп,

(Қашаннан да қазақтың қызы ұяң-ды) (2,329).

Мектебім, қия алмаймын,

Көп нәрсе қиялдаймын

. Мәңгілік оқушың боп,

Қалуға ұялмаймын (3,284).