адамдар қауымдастығының ерекше түрі ретіндегі ұлт-мемлекеттің пайда болуымен және дамуымен байланысты тарихи процесс. Бұл процесс бірнеше кезеңді басынан өткереді: қандай да бір адамдар тобында (Мысалы, этникалық қауымдастықта) ұлт болып бірігу идеясының пайда болуы және оны қауымдастық санасына сіңіруі; осы қауымдастықтың өзіндік аумағына ие болуы және дербес саяси институттар құруы; халықаралық-құқықтық мойындау. Сондай-ақ бұл процесс қауымдастықтың өзін ұлт ретінде сезінуімен шектеліп қалуы мүмкін. Пайда болған ұлт-мемлекеттер ішкі ұйысуын күшейтуге талпынып, тұтастығын «қызғыштай» қориды, оның негізінде басқадай ұлт-мемлекеттердің пайда болуына жол бермейді. ұлт-мемлекеттің қалыптасуы, сақталуы бірнеше факторларға байланысты, оның шешуші факторы өзіндік дербес ұлт болу талпынысынан туындайды.