(грекше r nythos – аңыз, əфсана , logos – ілім , ор. мифология национальная, ағыл. ethnic mythology) – болмыстың бұрмаланған, жалған, қиялибейнесі. Қазіргі саясилексиконда этноұлттықаядағыкөрінеужалғанпайымдау, тұжырым мен түсініктерді ақтауға арналған дəлелдер мен қағидалар жүйесі. Бұл жерде мифологияның терминдік мағынасын əдеби формаға келіп тоғысатын аңыздар, хикаялар, əфсана мен эпостардан айыра қарау керек. Рəміздік мифтерге қарағанда, əрекетке шақыратын əлеуметтік мифтерді əйтеуір миф деп сөзбе-сөз түсіну адамды тікелей шатастырады. Мифтің күштілігі сонда, сезімдік түсініктердің сипаты мол болады, адамның жергілікті түсініктерін саяси өмірге араластырады. Ұлттық мифология қасиетті құпияны қолданып, асыл арманды іске асыратын ғажаптығымен тартымды болады, сондықтан да мифологияның ұлттық мəдениетте тамыры тереңге жайылған. Түрлі тақырыпты қамтитын мифтер көп, солардың негізгісі тілегеніңді тірлікке көшіруді көздейді. Фашизм теорияшыларының «үшінші рейхтің мыңжылдық патшалығы» туралы постулаттарының, нəсілшілдік туралы «жиырмасыншы ғасыр мифі», яғни неміс халқының орны туралы нəсілшілдік мифтің т.с.с. осындай сипаты бар. Ұлттық өмірде болмыстан алшақ я оған жақындатылған басқа да мифтер көп: мəселен, «жоғарғы» жəне «төменгі» нəсіл туралы, халықтар мен мемлекеттер тағыдырында ұлттық сипаттың ықпалының мүлтіксіз болатыны туралы, америкалық ұлттың айрықшылығы туралы, «батыс өркениетінің» ерекше рөлі, еврей халқының «құдай таңдаған» халық екендігі туралы, мешеулік тұтастай бір халықтың пешенесіне жазылатындығы туралы мифтер бар. Ұлттық ділге сүйеніп бұқара санасын бұлдырататындардың ұлттың қандай да бір сезімін саудаға салып ұлтшылдық ауандарды отқа салып адамдарды орынсыз əрекеттер жасауға арандататын кездері аз болмайды (қар. Этностың ділділігі, Қоғамдық сана, Этностық стереотиптер, Идеология).