lat: ULY
сын. 1. Кемеңгер, данышпан.
Ұрпағыңа медет бер, ұлы бабам!
Ұлы бабам, ұлыңның құны қараң.
Қара жерге өмірім көмілгенше,
Қасиетті ананың құлы болам! (1,136).
Мен – Үйсінмін, Ұлы десең, ұлымын,
Кісілктің, кішілктің құлымын.
Бөлінбеген еншім даяр, екі інім,
Желпілдетіп жетіп келсе тұлымын (2,127).
// Зат есім мағынасында.
Сырыңды алған, құныңды алған
Өмір, өмір... Өмір өзі – бір құйын.
Ұлы болып туылғаннан,
Ұлы болып өмір сүрмек тым қиын (2,40).
2. Теңдесі жоқ, асы үлкен, ғаламат.
Ұлы достық, ұлы күш қолдасуда,
Ұлы дүбір ұран боп жолды асуда.
Біздің достық құрыш боп құйылуда,
Жұмыр білек жұмысшы дмонасында (1,284).
Ұлы істі өзің бастадың,
Ұлы істі мен де тыңдырам.
Аспаның, сенің аспаның,
Таласар айтшы кім бұрын? (2,298).