lat: ULY
ет. 1. Иттің, қасқырдың даусын созып үн шығаруы.
Есік алдында шоқиып отырған кәрі төбет көкке қарап бір-екі ұлып қойды (4,191).
Өте алыстан, әлдеқайдан, ұлыған қасқырдың үні естілді (4,198).
2. поэт. Желдің, боранның гуілдеп қатты соғуы.
Күздің күні. Сұп-сұр бұлт,
Шытынап аспан тұнжырап.
Зәрлі боран тұрса ұлып,
Бар табиғат қынжылад (1,33).
Қарашаның ұлыса желі гулеп,
Түсіне бер қаңтардың желігі деп.
Қисайып бара жатқан қарияны
Сүйей берді баласы, келіні кеп (1,180).