ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ МҮГЕДЕКТЕРІ

lat: ULY OTAN SOǴYSYNYŃ MÚGEDEKTERİ

бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген жұмысшьшар мен қызметшілер («Үлы Oтaп соғысының кртысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі 2247 ҚРЗ 7-бап)