ҰШУ

lat: USHÝ

1 Ұш етістігінің қимыл атауы; самғау, қалықтау.

Туғасын талмай ұшу қанатқа сын,

Білем мен ол күндердің сан аптасын.

Көнбеуге жалғыздыққа амалың жоқ,

О бастан жалғыз қылып жаратқасын (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).

Қайтадан тағы ұшуға қылды талап,

Қарны ашса су мен май даяр тамақ.

Қанатының астына тағы міндік,

Қаһарланып көкке ұшты бір ән сап ап (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

...Барселона аэропортында

Болды бірде ғажап жағдай таң қалар,

Кілең ұсақ, майда құстар шымшық, торғай, қарғалар

Билеп алып аспанды Реактивті самолеттердің

Ұшуына қиын кезең басталды (М.Шаханов, Ғасыр.).

Ұшқышқа аспан керек ұшу үшін,

Зымырап жерге қайта түсу үшін.

Диқанға дала керек, дала керек,

Сезуге дәннің тулап бұлқынысын (С.Мәуленов, Алыс кет.).