ҰШҚЫН

lat: USHQYN

зат. 1. Жанып жатқан оттан ұшқан шашыранды от.

Қызыл ұшқын шашырайды кәдімгі адам қанындай,

Қызған темір қиналады кәдімгі адам жанындай,

Қиналады, иленеді, созылады қамырдай (2,254).

Бүр жарған жері,

Бұлтиып қана батқанда,

Мойнымызды қолаң шашымен жапқанда.

Оттықтан ұшқын шашырап кетіп ақ қауға,

Өртенуші едік, өртенген сол бір шақтарда (2,371).

2 . ауыс. Жарқ-жұрқ еткен көз жанары .

Қайыс өрме бауырын тілімдейді,

Еш қимыл жоқ, буыны дірілдейді.

Қарғып түсіп, қарасам көздеріне,

Баяғы от, баяғы ұшқын білінбейді (1,261).

Бұлыңғыр, нұрсыз көзінде ешқандай ұшқын қалмапты, су тиген әйнек сынығындай сәулесіз жылтырайды құр (4,160).