ҰШЫР

lat: USHYR

ет. 1. Құсты аспанға әуелету, қалықтату.

Несіне түнересің, аһ ұрасың?!

Түнерме, тұңғиыққа батырасың.

Қиядан қыранымды ұшырмасам ,

Қара жер қарс айрылып қақырасын!

Несіне түнересің, аһ ұрасың?! (1,196).

Аулақ, аулақ, Аулақ менің жанымнан!

Қара уайым қара шәлі жамылған.

Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған,

Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан (2,86).

2. Желдің тозаңды аспанға көтеруі, бұлтты айдауы.

Жалықтырып, пыстырып,

Ұшырып тозаң жел үрген.

Қайта-қайта пысқырып,

Жүруден ат та ерінген (1,31).

Тау бастарына тамаша бұлттар шөккенде,

Ұшырып бұлтты ескек жел алып кеткенде.

Қараймын дағы мұртты өсіп қалған көктерге,

Ырза боламын ырыс әкелер көктемге (3,226).

3. Қырмандағы астықтың қауызын желге айдатып (ұшырып) тазарту .

Тау жақтан кенет жел тұрып,

Қыздырды еңбек қызуын.

Есекең де желпініп,

Ұшырып жатты қызылын (1,7).