lat: UZAQ
сын. 1. Алыс, қашық, жырақ.
Жол ұзақ , шаршадым, шөлдедім,
Қимайды үп еткен жел лебін.
Ғарышта қалықтап бұлт болып,
Ақ жаулық желпіген сен бе едің? (1,158).
Сапар ұзақ.
Тағы да аяндайсың,
Алыпқашпаң басылып, баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де,
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың (1,185).
2. Көп уақытқа созылған; тез емес.
Ол сәулеге ұзақ қарап,
Қимадым тастап кетуге.
Алып ұшып жігер-талап,
Ұмтылдым мен де жетуге (1,12).
Терезе алдында Зияш ұзақ отырып қалыпты (4,143).