Ұлу

lat: Ulý

ішкі құлақтың иірімді түтік түріндегі құрылымы. Оның қуысы негіздік жəне рейснер мембраналары арқылы үш өзекке бөлінеді: дабыл өзегі, саға өзегі (вестибулярлық өзек) жəне ортаңғы - ұлу жолы. Алғашқы екі өзек бір-бірімен геликотрема арқылы жалғасады. Бұл өзектер перилимфамен толған. Осы ортаңғы өзекте негіздік мембрана бетінде дыбыс қабылдаушы құрылым - Корти мүшесі орналасады.