Ұлпа

lat: Ulpa

с ы н. 1. Мамықтай, үлпілдеген, жұп-жұмсақ.

Үкідей ұлпа жүнді ақ бота тайраңдай ойнақтаған болады (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан).

Қалың жабағыны құстың ұлпа мамығымен бедерлеп, қой жүн шекпенмен тыстаған күпі суыққа беретін емес (Т.Нұртазин, Адам.).

2. Өте ұсақ, мап-майда.

Маңғыстау шаңы күрпілдеген ұлпа шаң (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Бұлт деген тамшы бір табын, Білгенмен мұны, түрінде Тамшының, будың, ұлпаның Таңба жоқ, ен жоқ бірінде (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).