Ұлпа

lat: Ulpa

з а т. 1. б о т. <грек. hіstos; лат. textum> Өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және ағзадағы атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпаларынан мүшелер, мүшелерден тұтас ағза қалыптасады (Қаз. тілі термин. Биология).

Өсімдіктердің бойында кейбір жасушалар қабығының ыдырап желімденуінің, кейбір ұлпаларының еруі салдарынан пайда болады (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).

2. Кейбір өсімдіктердің басындағы жұп-жұмсақ үлпілдек бөлшегі.

Қамысы жас баланың білегіндей, Ұлпасы үкі құстың түлегіндей. Көл айнала шыққан шөп омартаның, Ширатылған таза, шым жібегіндей (С.Мұқанов, Шығ. жин.).

Қарғып өтіп шилерден, Қағып-сілкіп ұлпасын, Жер бауырлап, ирендеп, Жатыр жаяу бұрқасын (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

3. з о о л. Жануарлар организмі мүшелерінің құрамына кіріп, арнайы қызметтер атқаратын, шығу тегі, құрылысы, қызметі ұқсас клеткалар мен клеткааралық заттардың тарихи қалыптасқан жүйесі.

Неміс ғалымдары И.Лейдиг және А.Келликер (1853 ж.) алғаш рет ұлпалардың жіктелуін ұсынды. Олар ұлпаларды эпителийабынды), дәнекер, ет, жүйке ұлпалары деп төрт топқа бөлді. Қазіргі кезге дейін олар ұсынған жіктеу өз маңызын жойған жоқ (Қаз. тілі термин. Биология).

Олар балықтардың ағзалары мен ұлпаларында жиналып, оларды уландырады және қырылысқа ұшыратады (Табиғат сулары.).

4. т а м а қ. <франц. poudre, лат. pulvis> Ұнтақталған ақ минералдан (тальк), каолиннен, жүгері крахмалынан, бояғыштардан, хош иісті заттардан тұратын косметикалық зат.

Ұлпа қуысты, шашылмалы, төгілмелі, кеуекті болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).