Ұлпа культурасы

lat: Ulpa kúltýrasy

эксплантация, мүшелердің немесе олардың бөліктерінің, ұлпа шекараларының жəне ағзадан тыс жеке клеткалардың өмір сүру қабілеттілігін сақтау тəсілі. Ұлпа культурасы қоректенуді, газ алмасуды жəне зат алмасудың организмге оптимальды температурада өсетін өнімдердің бөлінуіне жағдай жасауға негізделген. Ұлпаны жасанды ортада өсіру тəжірибесін 1970 жылы Буррисон іске асырды. Бақаның ұрығындағы нерв жүйесінің клеткалары лимфа тамшысында бірнеше апта тірі қалып, ұлпа культурасын жасаудағы жетістіктер, негізгі түрде клетка тіршілігіне қажет заттар құрамында болатын синтездік қоректік заттардың жасалуына жəне дамуына негізделген. Бірқабатты клеткалық ұлпа тəсілі кең түрде таралған, бұл кезде эксплантант қызметін клетка топтары атқарады, олар ұсатылған ұлпаға ферментпен əсер ету нəтижесінде алынады (əдетте трипсин). Ұлпаларды (əдетте 1 мм куб шамасындағы кесектер) арнайы камераларда қан плазмасындағы, эмбриональды экстрактта жəне тұзды ерітіндіде ұйыйтын клетка қосындыларында өсіреді. Ұзақ уақыт өсіргенде мөлшері өсетін эксплантантты əдетте бөлшектерге бөледі жəне қайта егеді. Қайта ұрықтандырумен 10 жыл өсетін ұлпалық штаммдар болады. Мүшелерді өсіру үшін агар жəне желатинге қажетті компоненттер қосылған орталар қолданылады. Ұлпаларды өсіру көмегімен гистогенезді, ұлпааралық жəне клеткааралық əсерлерді, бөлінуді, клетканың өсуі мен бөлінуін, тірі клеткалардағы зат алмасудың заттарға сезімталдығын, соның ішінде дəрілерге сезімталдығын зерттейді. Клетканы өсіруде əртүрлі операциялар жасалады: клетканың бөлшектерін жояды жəне оларға микробтар мен вирустар ендіреді. Ұлпа өсіруде бірқатар вакциналар дайындайды, мысалы оспаға, қызылшаға, полиамилитке қарсы вакциналар дайындайды. Мүшелік өсіруде қалыпты жағдайда жəне тəжірибелік жағдайда ұрықтық (зачатка) өсу заңдылығын зерттейді. Бір түрге жəне əртүрлі түрге жататын особьтардың мүшелерін бірге өсіруде, сонымен қатар трансплантацияға бағытталған мүше мен ұлпалардың өмір сүруін сақтау тəсілдерін зерттеу. Ұлпаны өсіру экспериментальды биологияның маңызды бір тəсілдері болып табылады. Сонымен бірге, заттардың ішкі ортасына толығымен сəйкес келмейтін жасанды жағдайда болатынын есепке алу керек. Өсімдіктердің ұлпаларын өсіруде бірінші жұмыстарды Ф. Стюард жүргізді. Оқшауланған сəбіздің флоэма клеткаларының бөлінуі олардың дифференцировка процесіне əсерін көрсетті. Өсіру жағдайының өзгеруі (қорек құрамы, температура, жарықтың) көпуақыттық қайта егуші культивирлендірудің клеткаларының ағзалық емес көбеюін қалыптастырады немесе морфогенезді индуцирлейді. Кез келген өсімдік ұлпасының (ксилемадан басқа болуы мүмкін) in vitro клеткасының бөлінуге жəне дифференцировкаға қабілетті екені белгілі болды. Тек клеткалар емес, орын ауыстырған протопластарды ұлпа култивирлеу жағдайында жаңа клетка қабықшасын түзуге, каллустың пайда болуымен бөлінуге, толық өсімдікке регенерацияға қабілетті болады. Өсімдіктер ұлпасын өсіру олардың онтогенезін, генетикасын, вирусологиясын, зат алмасуды жəне т.б. зерттеуге ыңғайлы модель. Ұлпаны өсірудің практикалық мағынасы олардан көп мөлшерде клеткалық биомассаны (женьшень биомассасы) өсіруге қабілеттілігіне негізделген. Тозаңдардан жəне микроспоралардан ұлпа өсіру тəсілімен гаплоидты өсімдіктерді, бүршік пен ұрықты өсіре алу селекциялық процесті тездетеді əрі жеңілдетеді. Ұлпа өсіру, клеткалық инженерияны пайдалану арқылы формасы өзгерген, өзіне тəн сипатттамасы бар өсімдіктерді алуға болады. Ұлпаны культивирлеу негізінде криконсервация тəсілі қатты суықтарда ұзақ сақталынатын меристемалық ұлпалардан жасалынды. Ол өсімдік генофондын сақтау мақсатындағы олардың қорын жасауға мүмкіндік береді.