Омыртқалылардың мүшелері мен ұлпаларының клеткалары арасындағы жəне клетка жанындағы кеңістікте кездеседі. Қан жəне лимфамен бірігіп организмнің ішкі ортасын түзеді. Ұлпа сұйықтығынан клеткалар қоректік заттарды алады жəне зат алмасу өнімдерін береді. Құрылымы тұрақты келеді, себебі, ол мүшелер мен ұлпалардың клеткаларын қан құрамының өзгеруіне байланысты туындайтын əсерлерден сақтандырып отырады. Адамда ұлпа сұйықтығының көлемі орта есеппен дене салмағының 26,5% құрайды. Мүшелерден лимфа тамырларына өткен ұлпа сұйықтығы лимфаға айналады. Кейбір жағдайларда ұлпа сұйықтығына жұлын– ми, буын, плевра сұйықтықтарын, сонымен қатар көздің алдыңғы камерасының ішіндегі сұйықтықты да жатқызады.