lat: Ulpandy ańdar.
Жабайы немесе қолда өсірілетін түгі мамық, бағалы аң.
Қазақстан жерін де аңның 178 түрі кездеседі, оның 63 түрі жылма-жыл ауланып келеді. Бұлардың ішінде жыртқыштар отрядының 20 түрі (бұлғын, сусар, борсық, ақкіс, т.б.), кеміргіштер отрядының 10 түрі (ондатр, суыр, жұпар, т.б.), қоянтәрізділер отрядына 3 түрі (ор қоян, құм қоян, аққоян), жәндік қоректілер отрядының 3 түрі (көртышқан, бұраубас, соқыртышқан), мамық терілі аңдардың бірнеше түрі бар (Қаз. тілі термин. Биология).