Ұлтаралық

lat: Ultaralyq

с ы н. к і т. Ұлттар арасындағы, ұлт пен ұлт арасындағы.

Мерейтойлық сессияға қатысушылар Қазақстан қоғамын, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласында салиқалы саясат және жоғары моральдық қағидаларды ұсынуға шақырған үндеу қабылдады («Қаз. әдеб.»).

Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады (ҚР Конституциясы).