lat: Ultaralyq kelisim.
с а я с и. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң елдегі титулдық ұлт – қазақтардың басқа ұлттармен татулығы негізінде жаппай қоғамға тән сипат алып, мемлекет саясатында басшылыққа алынған ұлттар арасындағы жақын, жылы қарым-қатынас.
Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімсіз мұндай нәтижелер болмас та еді («Егемен Қазақстан»).
Елбасы өз сөзінде біздің еліміздің ең басты жетістігі – ортақ Отанымызда ұлтаралық келісім мен бейбітшілік және тұрақтылық екендігіне, бұған осынау беймаза әлемдегі қол жеткен елеулі табысымыз деп қарау керектігіне, ал бұл табыста Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі мен үлгісі зор болғандығына ерекше тоқталып өтті («Қаз. әдеб.»).