Ұлттық

lat: Ulttyq

с ы н. 1. Белгілі бір ұлтқа тән, ұлтқа қатысты; ұлт ерекшеліктерін көрсететін, қамтитын.

«Абай» қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

2. Ұлттық ауқымдағы, мемлекет деңгейіндегі.

Орын алған жағдайға байланысты басымыздан кешірген және кешіріп отырған оқиғаларды ұлттық және аймақтық процестер тұрғысынан ғана емес, бүкіл дүниежүзілік даму арнасына қарай талдауға тура келді («Егемен Қазақстан»).

3. Бүкіл ұлт мүддесіне жұмыс істейтін, ұлт қамын жейтін.

Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз (М.Шоқай, Таңд.).

Жұбан өз шығармалары арқылы таза ұлттық, халықтық ақын дәрежесіне көтеріле алғанын танытады (С.Қирабаев, Октябрь.).

Ұлтқа қатыстылық, ұлтқа тән болушылық, ұлттық қасиет.

Халық мұңы қабағымда, қасымда. Ұлттық иісі сіңген маған жасымда. Бүгін «Сони» істеп жатыр дегенін Бүлдіршіннің бесігінің басында! (Қ.Мырзалиев,Мәңгі майдан).

Өз тілімен сөйлескен жұрттың, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды («Қазақ»).