Ұлттық рух

lat: Ulttyq rýh

Ұлтшылдық, елжандылық сезімнің күштілігі, ұлттық сананың биік түрі.

Біздің тәжірибемізге сәйкес үміткерлерді іріктеуде олардың білімі, біліктілігі мен іскерлік қабілетін және мемлекеттік қызметтегі жинақтаған тәжірибесін ескеруге тырысамыз. Алайда үміткердің жаһандану серпініне сәйкес келіп, кәсіптік беделі мен ұлттық рухының жоғары болуы толығымен ескерілмейді («Егемен Қазақстан»).

Аталған еңбекте ұлттық рух пен мәдениеттің жаңғыруына байланысты мәліметтер көптеп кездесетіндіктен, оның мәнін жете түсінуді, жан-жақты зерттеуді қажет етеді (Қаз. дала. ойшыл.).

Қай жерде ұлттық рух мықты, сонда азуын айға білеген ата баласы да тоқырайды екен («Түркістан»).