Ұлттық рух

lat: Ulttyq rýh.

Ұлтшылдық, патриоттық сезімнің күштілігі, ұлттық ділі.

Біздің тәжірибемізге сәйкес үміткерлерді іріктеуде олардың білімі, біліктілігі мен іскерлік қабілетін және мемлекеттік қызметтегі жинақтаған тәжірибесін ескеруге тырысамыз. Алайда үміткердің жаһандану серпініне сәйкес келіп, кәсіптік беделі мен ұлттық рухының жоғары болуы толығымен ескерілмейді (“Егемен Қазақстан”).

Аталған еңбекте ұлттықрух пен мәдениеттің жаңғыруына байланысты мәліметтер көптеп кездесетіндіктен, оның мәнін жете түсінуді, жан-жақты зерттеуді қажет етеді (Қаз. дала. ойшыл.).

Қай жерде ұлттық рух мықты, сонда азуын айға білеген ата баласы да тоқырайды екен (“Түркістан”).