Ұлы

lat: Uly

с ы н. 1. Ұлан-асыр, аса үлкен, ауқымы зор.

…Жапалақ ұшпас асқардың құзырында тұрған біз мәңгі өлмес мақсұт, арманымыздың қара қасқа құлынын мініп, мәңгі сөнбес маздақты ғұмырдың ұлы жәңгір бәйгесіне түскендей едік (О.Бөкеев, Қайдасың.).

Бәрін де көргендейсің бірінші рет, Бәрі де саған қарар күлімсіреп. Тек қана қуаныштың сөзін айтар Алдыңнан ашылады ұлы сурет (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

2. а у ы с. Асқан маңызды, теңдесі жоқ, ғаламат.

“Бауыржан” атты бала мыңнан астам, Ойласаң оның өзі ұлы дастан, Тоқтамас ұл туудан қазақы ана Бауыржан туа берер тыйылмастан (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Организмдердің клеткалық құрылысы жөніндегі теория XІX ғасырдағы биологияның ұлы жаңалығы болдыалпы биология).

3. Асқан кемеңгер, данышпан; атақты, озық ойлы.

Ұлы адам жүрген жол қымбат, ұлы адам тұрған үй қымбат. Тұр әні өзі қол бұлғап, Ұсынып маған мәңгі бақ (Т.Молдағалиев, Алатау.).

Егер қазір қайта туса ұлы Абай, Ол да саған қалар еді ұнамай. Ойлан, қалқам, ертең жердің кіндігін Ұстайтындар саған жақын жүр бүгін. Қасыңда жүр айтпағанмен хабарын, Ашылмаған Эйнштейн, танылмаған Гагарин (М.Шаханов, Ғасырлар.)

Ұлы адам, ұлы тұлға.

Дарын ғасыр бәсеңдетпей қарқынын Қатар демеп келе жатыр безбүйрек пен ұлыны. Қас қағымда сейфін тонап кететұғын банкінің Дарынсыз деп кім айтады ұрыны? (М.Шаханов, Ғасырлар.).

4. Асқақ, биік.

Біз жергілікті коммунистерде ұлы түріктік, Түркістан түріктігі қасиеттерінің үстем екенін жақсы білеміз (М.Шоқай, Таңд.).