Ұмытшақтық

lat: Umytshaqtyq

з а т. Меңгерілген материалдың еске түсуі және қайта жаңғыру мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын процесс.

Ұмытшақтықты алғаш рет Г.Эббингауз зерттеп (1885), адам жадының уақытқа тәуелділігін тәжірибелік тұрғыда анықтады (ҚҰЭ).