Ұнтақтау, үгіту, талқандау, ұнтау, ұсату

lat: Untaqtaý, úgitý, talqandaý, úntaý, úsatý.

Тұтас тұрған ірі затты үгіндіге айналдыру, туралап майдалау.

Дәнді, жемді диірменге тартып жарып, ұнтақтап берсе, оны мал толық жеп қояды (Ш. Бөрібаев).

Біз қолымыздағы нанымызды үгітіп алып, шағалаларға тастадық («Лен. жас»),

Апам қуырылған арпаны келіге түйіп талқандап, сүт пен қаймаққа араластырып жегізетін (Ауызекі тіл).

Шөптің түбірін кептіріп, ұнтап суға қайнатады (X. Арғынбаев).

Сабанды малға турап ұсатып берсе, ол сабанды үнемді пайдалануға мүмкіндік береді (Ә. Қарасаев).