lat: Untaqtaý
Ұнтақта етістігінің қимыл атауы.
1. Ұсақтау, майдалау, үгіту.
Шөпті бір жерге жинаймыз, бір жерден суарамыз. Жемшөпті ұнтақтау да бір жерден істеледі (Ә.Жылқышев, Өмір жыры).
Сүйек ұнын майы алынған сүйекті ұнтақтау арқылы жасайды (Ғ.Қыдырниязов, Шопан.).
2. т е р м. Қандай да бір тұтас, қатты материалды үйкелеу, ысқылау немесе жармалау арқылы бөлшекке, ұнтаққа айналдыру.
Ұнтақтау
1) үйкелеу, ысқылау арқылы ұнтаққа немесе майда бөлшекке айналдыру;
2) жармалап майда бөлшектерге, ұнтаққа айналдыру (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Руданы қайта өңдеуге әзірлеу, яғни елеу, уату және ұнтақтау кезінде де ол тотығуға ұшырайды (Т.Қалыбеков, Экология.).