lat: Uqsastyq faktory
Осы фактор негізінде когнитивті сәйкестілік қағидасы жатыр: «менің айтқанымды мақұлдайтын адам – ол жағымды адам». Жалпы айтқанда, ұқсас мақсаттар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақындатады, бірақ кейде сәйкестілік тұлғааралық аттракцияны төмендететін фактор ретінде де болуы мүмкін.
Бақталастық жағдайында бір мақсатты көздеген екі адам бір-бірін көбінесе жағымсыз қабылдайды. Сондықтан екі адамның көзқарасы ұқсас болғанымен, бұл олардың өзара жағымды және сәтті қарым-қатынас орнатуына жеткілікті жағдай емес.