lat: Uqypty
с ы н. Тап-тұйнақтай, жинақы (салақ емес); тыңғылықты.
Ол қайда жұмсаса да, тапсырған істі шапшаң және ұқыпты орындайтын (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (ҚР Конституциясы).