Ұқыптылық, мұқияттылық, ықтияттылық, құнттылық

lat: Uqyptylyq, muqıattylyq, yqtıattylyq, qunttylyq.

Өз ісіне жан-тәнімен берілгендік, жинақылық.

Үй ішінің тазалығы да, ұқыптылық да балаға әсер етеді («Қазақст. мек.»).

Олардың тыңғылықты ісі, мұқияттылығы мен ұқыптылығы жергілікті тұрғындарды талай қайран қалдырды (С. Сейітов).

Сауыншылардың еңбекқорлығында, ықтияттылығында шек жоқ (Ж. Мусин).

Ғылым талантпен бірге ерекше құнттылықты, табандылықты керек етеді («Соц. Қаз»).