Ұру

lat: Urý

Ұр етістігінің қимыл атауы.

1. Тоқпақтау, ұрғылау.

«Өлген аруаққа арнадық» деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұл күркірегенде, қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «сүт көп, көмір аз» деген секілді (Абай, Тол. жин.).

2. Сабау, таяқтау.

Баланы ұру, соғу ісі адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айырылып, миғұла болады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Алдадым, ұрдым, қырдым деп, Шалықтап, Шалқып, шатпай ма? Қапысын аңдып тұрдым деп, Қулығын бұлдап сатпай ма? (Абай, Тол. жин.).

3. а у ы с. Жығу, құлату, соғу.

Егерде бұл екі қуаттың екеуі де (ақыл мен қайрат) аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі қуаттар бір басы қатты асау ат жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма құдай білсін (Абай, Тол. жин.).