lat: Urlyq
з а т. Біреудің бір затын білдірмей, көрсетпей алып кету ісі.
Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар, Пайда ғып ешкім малын алған емес. Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла, Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес (Қабан жырау, Алтын қазық).
Қой ұрлыққа мақтанған, Кептірмей тоқым аттанған, Ел жиренген ісінен, Азған елдің ішінен, Қазан бұзар, үй тентек Көрдік шыққан батырды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
2. қ ұ қ ы қ. Мүлікті жасырын қымқыру.
Жәбірленуші мен басқа адамдар байқамайды деген сеніммен қылмыскердің мүлікті жасырын жымқыруы ұрлықтың тонау мен барымталаудан айырмашылығы болып табылады (ҚҰЭ).