lat: Urys
з а т. . Соғыс, шайқас.
Қазақты ол ұрыста қалмақ алды, Үш есенің екеуін қырып салды. Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында, Арқаға қазақ ауып кетіп қалды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Қаракөз бен Айнамкөз Келін болған баламыз. Оны қайтып тастаймыз, Біз ұрыстан қашпаймыз. Ту көтеріп бастаймыз. Ер Төстіктен саспаймыз (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Керіс, талас, жанжал.
Қырт мақтаншақ оңбайды. Кісімсініп жалпылдап, Біреуге өктем іс қылса, Өз күшім деп ойлайды. Жат айбынар ісі жоқ, Өз еркіне жіберсең, Еш нәрсеге тоймайды. Қалжыңы – теріс, сөзі – ұрыс, Айтқан сөзге көнбейді (Абай, Тол. жин.).
Қатындар деді қалған жоқ, Сиырлы үйде айран жоқ, Үйдің іші шөл екен. Бұл төренің үйінде Екі қатыны бар екен. Күндестікпен, ұрыспен, Құрыған екен берекең (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).