lat: Usaq
с ы н. 1. Кішігірім, майда, уақ.
Қап бәлем, қашпай енді қара да отыр, Үш қужақ бар, Жапжақын арада отыр. Әбдіахмет дейтұғын есепқор бар, Бір-бірлеп ұсақ құмды санап отыр (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Шайдың көркі – қант пен май, бауырсақта, Шай ішпей тұра алмаймыз ауырсақ та. Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң, Майлы етті ұсақ турап, сарымсақта (Шал ақын, Өлеңд.).
2. а у ы с. Тиыннан құралған майда ақша.
Ұсынған ақшадан ұсақ қайтару дегенді білмеймін (Е.Айтмағанбетов, Құлақ.).
Стол үстінде қой отарындай жайласып жатқан көп ұсақ. Осы ақша ұсақтауда кезектесіп істейтін үш қызметкер бар (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
3. а у ы с. Қойешкі, уақ мал.
Өзгесі қой-ешкі дегендей ұсақ мал (С.Мұқанов, Өмір мектебі)
Саурық жан еншің деп үш құлынды бие, екі бұзаулы сиыр, жиырма шақты ұсақ мал берген (Ә.Шәріпов, Сахара.).
Кешелер өздері көрген құс, шошқа фермаларының биылғы кірісі былтырғыдан екі есе артса, ұсақ мал мен ірі малдың басы да, ақшалай түсімі де былтырғыдан біржарым есе артық (Б.Тоқтаров, Қыран.).
4. а у ы с. Күйкі тіршілік, уақ-түйек.
Қажытпайды тірліктің қай ұсағы! Білімдар мен зұлымдар сайысады. Қабырғаңа қарыздар батса бұрын, Қазір енді парыздан майысады! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
5. а у ы с. Қақ-соққа құмар, өсек-аянға мән бергіш (адам).
Бұл заманның халқына Ұсамайды формасы Басқаша біткен түр еді. Құдайым білсін қандайын Ұсақ емес, ірі еді (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Дариға, не ойламайды кәрі арыстан, Тірлікте ұсақтармен жаны алысқан, Қашанда көрінетін әдеті ғой Өзінен өрбігеннің бәрі данышпан (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
6. а у ы с. Кішкентай, болмашы нәрсе.
Алаңдап, қайтсын көңіл алабұртпай, – Уақыт – сүт пісірім аралықтай, Сағындым, сағынғанда, әдеті ғой, Ұсақтың көрінетін бәрі алыптай (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
7. Жұқалтаң, сіркіреп жауған, майда (жаңбыр, қар).
Биылғы жаз жаңбыр боп өтті, Ұсақ балапан жаңбырлар, Мөлдір жаңбырлар Теректерге жауды да кетті (С.Мәуленов, Алыс кет.).
8. а у ы с. Мәнсіз, елеусіз, қарапайым.
Ұлы әңгіменің мақсаты көптің өмір сарынын суреттеп көрсету болғандықтан, бұл туралы шығармаларда адамның да, уақиғаның да ұлысына, ұсағына бірдей назар салынады (А.Байтұрсынов, Шығ.).