Ұсақтау

lat: Usaqtaý

Ұсақта етістігінің қимыл атауы.

Комплексте жиырма мың қой бар екен. Жемшөпті ұсақтау, бабына келтіру, қойларға таратып беру бәрі де механикаландырылған (Ә.Жылқышиев, Өмір.).

Құстың жұтқан ұсақ тастары қарынның жұмысын күшейтіп, ірі азықты жақсылап ұсақтауға көмектеседі (Құс өсіруші.).