lat: Usaqtaǵysh
з а т. Мал азығын ұнтақтап, бөлуге арналған мәшине.
Мал күтуші: “Жемшөп ұсақтағыш болмағандықтан осылай етеміз, обалы МТС-ке, Поспеловке болсын”, – дейді (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.).
Мұнда өзектерді ұсақтау үшін С-218 балғалы тас ұсақтағышты қолданады (Мал бордақылау.).