Ұсақта

lat: Usaqta

е т. 1. Майдалау, ұнтақтау, ұсату.

Агрегаттар бірінен соң бірі жер жыртып, топырақ ұсақтап, тұқым сеуіп барады (Ә.Нұршайықов, Жер Туралы.).

Одан басқа жұмыс: күйген ағаштан қораға үйіп қойған. Отынды ұсақтайды, боран болған күннің артынан қораға түскен қарды төгеді (С.Мұқанов, Ботагөз).

2. А у ы с. Азғындау, азып-тозу.

Саған осы сөзді мен де айтайын деп едім, Қаранар. Кішірейгеніміз түк емес, ұсақтап кетпесек болды да (О.Бөкеев, Өз отың.).

Бірі күпті, Бірі мықты Бәсекеңді құшақтап, Бөлінбейтін ірілікті Бөліп жүрміз ұсақтап! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

3. Ақшаны майдалау.

Жо-о-о, көкеақысы төленіп қойылған, көкеұсақтамайтын әдетіміз, көке... Жо-о-о! (Д.Досжанов, Кісі ақысы).

4. А у ы с. Босату, жібіту.

Артады нар көтере артық тұзды, Сүйменмен ұсақтайды қатқан мұзды. Аймалап айға қарап жатар еді, Басына ақ орамал тартқан қызды (Шал ақын, Өлеңд.).

5. А у ы с. Тіршілік күйбеңінен аса алмау, қақ-соққа мән беру.

Әлде, адам баласы тіршілік күйбеңімен екі иіні түсіп, күннен-күнге ұсақтап бара ма? (С.Жүнісов, Ақан сері).

Алдырмай бойын жеңілге, Көрмеген ақын ұсақтап. Құлаған туған жеріне, Топырағын сүйіп құшақтап (С.Мәуленов, Алыс кет.).