Ұшқын

lat: Ushqyn

з а т. 1. Жалын шашқан ұсақ шоқ.

Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да, біразырақ шоқ қызара түсті де, Дереу сөніп, тезірек күлге айналды, Астындағы ыстық күлді құшты да (М.Жұмабаев, Шығ.).

Болса да суық қысты күн, Соғады бетке мұнда аптап. Көтеріп оттың ұшқынын, көшеді бұлттар будақтап (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Шықылдаған балға, жарқылдаған ұшқынға бір кезде Мейрам елең етті (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).

2. Ұшқындап жауған майда қар, қылау.

Дәметкен «Күнім!» деп құшақтай ап, қардың ұшқындары жабысқан сұп-суық бетінен өбе сүйіп-сүйіп алды (С.Мұқанов, Аспаз.).

Лақтырған аспан саулатып, Жұлдыздай қардың ұшқыны, Тұрғандай жазды толғатып, Аязды, ойлы қыс күні (С.Мәуленов, Алыс кет.).

3. а у ы с. Бір нәрсенің белгісі, нышаны, көрінісі.

Абай Дәрмен жүзіндегі басылмаған ақындық ұшқынды танып тұр (М.Әуезов, Абай жолы).

Осы арада жүрегіңе махаббаттың бір ұшқыны түскен тәрізді (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.)

Хадиша көңілінің арғы түбінде ажуа, мысқылдың жылтылдаған ұшқынын байқап қалдым (З.Шашкин, Өмір.).

4. Шашыранды, ұсақ зат.

Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Ол көз нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұрсын үшін қабақты беріпті. Желден, ұшқыннан қаға берсін болсын үшін кірпік беріпті (Абай, Тол. жин.).

5. а у ы с. Болмашы, кішкене нәрсе.

Ұшқыннан өрт шығадыақал).

6. а у ы с. Қайрат-жігер.

Алған ұлы елінің күш туынан, Өткен соғыс суығы, ыстығынан. Алау жағып достарын жылытты ол, Өз жанының жалынды ұшқынынан (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Лаулата алмай бойдағы бар ұшқынды, Жүрген кезім армандап алыс қырды. Бірде мені Төлеген Айбергенов Тарлан ақын Тайырмен таныстырды (М.Шаханов, Ғасырлар.).

7. а у ы с. Махаббат, сезім.

Өзің лаулат жүрегімнің ұшқынын, Заңғар биік махаббаттай ыстығым. Россиям Радищев, Герценім, Некрасов, Пушкинім (Т.Айбергенов, Мен саған.).