Ұтымдылық

lat: Utymdylyq

з а т. Тиімділік, ұтқырлық.

Сұлтанмахмұттың тапқыр қайраткерлігін мінсіз ұтымдылық деп таныды Жигаров (Д.Әбілев, Арман.).

Оның сөзінің жүйелі ұтымдылығы, дәмді саздылығы тартады (Н.Әбуталиев, Сахара).

“Билер аталатындардың бас қосуын Шоқан көне Грециядағы Акропльде судялардың мәжілістеріне ұқсатты. Солар сияқты қазақ билері де бірін-бірі шешендікпен, яғни сөз лексикасының ұтымдылығымен алысады екен (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).