Ұзақ

lat: Uzaq

з а т. з о о л. Үсті қара, басы бозғылт, қарға тұқымдас кішкентай жыл құсы; ұзақ қарға.

Ұзақ келді. Көктемнің келгені ғой бұл («Лен. жас»).

Бір бұтағын қарасаң, Сауысқан самсап ұялар; Екіншісін қарасаң, Көк ала мойын ұзақ бар (Манас).