lat: Uzaq
с ы н. 1. Алыс, қашық, жырақ.
Жолдас алып, Қоржын салып, Едіге ұзақ жол жүрді. Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Аралады көп елді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Нәуетектің айтқан сөзін қарашы, Әйгі болды әу-жайыңның шамасы. Сапар ұзақ, бұрылатын жол қайда, Бұрылғанша өліп кетсек болмай ма? (М.Шаханов, Ғасыр.).
Көп уақытқа созылған, тез емес. Алдыңда Ай дірілдеп ұзақ таңға, Не жетсін айдын көлден құс атқанға, Сол құсы құрғырыңды атпасаң да, Өзіңді құс атқанға ұсатқанға (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Мың сүйсем, есім кетіп танданып ем, Сүйіп ем ұзақ кеште жан-тәніммен. Қызығы сүйісудің шексіз екен, Ояндым сүйгім келіп таң сәріден (К.Салықов, Жезкиік.).
Асықпай, көпке шейін.
Қалаларды қиратқан ақ шашты алып ойға кетті. Ақсақ Жолбарыс, Темір көреген ұзақ үндемей отырды (М.Жұмабаев, Шығ.).
Құрт салған шәйді бұлар қарама-қарсы отырып, ырсылдатып, ұзақ ішісетін, ләм деспей, әрқайсысы өз ойымен болып, оңаза ішісетін. (О.Бөкеев, Қайдасың, қасқа құлыным).
3. Ұзын, шұбалаңқы; қысқа емес.
Әз жаным жаралғандай ойлы өлеңнен, Ұзақ жыр алмасады шақ көлеммен. Сыбырын көкіректің дәл айтамын, Найзағай түссе дағы қақ төбемнен (К.Салықов, Жезкиік.).