зоол. Кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасының құйрығы ұзын түрі. Ұзынқұйрық сарышұнақ (длиннохвостый суслик) басқа сарышұнақтарға қарағанда бұның құйрығы жүндес, құйрығының ұзындығы тұрқының жартысындай. Мәселен, денесінің тұрқы 21–26 сантиметр болса, құйрығының ұзындығы 8-12 сантиметр келеді (Х.Қыдырбаев, Дала көркі).