Вуаль

lat: Výal

француз тілі. з а т е с і м. 1. Еуропалық үлгі бойынша тігілген әйел шляпасындағы үлбіреген, селдір, жұқа шілтер, бетперде. Мен бірақ оларға онша мән бермейді екем, тіпті бір күні таңертең оқуға кетіп бара жатып, бетінде жиі тоқылған в у а л і бар келіншектің шыққанын көргенде де ештеме ойлағам жоқ («Лен. жас»). 2. Жеңіл, селдір кездеме түрі. В у а л ь д е н жасау.