латын тілі. з а т е с і м. геологиялық. Жер беті мен жер қыртысында магманың ауысуына байланысты болатын құбылыстар жиынтығы. Егер магма жер қыртысына енсе, интрузиялық магматизм немесе плутонизм, ал магма (лава) жер бетіне төгілген жағдайда эффузивтік магматизм немесе в у л к а н и з м процестері байқалады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Жер қыртысының қалыптасуы мен дамуына себепші болатын процестер геологиялық процесте деп аталады. Бұл құбылыстарға үгілу, өзендердің, көлдердің, теңіздердің геологиялық әрекеті, жер сілкіну, в у л к а н и з м сияқты табиғи құбылыстар жатады (К.Сапарбайұлы, Геология.).