Вулкандай

lat: Výlkandaı

с ы н е с і м. Жанартау сияқты. Жетті аспанның астына, Будақтамай, бұрқанбай! Бір төбенің басында Сөнбей жатқан в у л к а н д а й... (Ө.Нұрғалиев, Ақ нәсер). Сыңғырлап үні, Күмбірлеп күйі бұрқанбай, Дүние тынды... Тілі кесілген мылқаудай. Айлы кештерден сорғалап сазды күн тамбай, құлазып қалды қу тірлік өлі в у л к а н д а й (М.Мақатаев, Шығ.).